«Әл-Хаким» мешітінде жамағатпен айлық отырыс өтті
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінде жамамағатпен айлық отырыс ұйымдастырылды.
Жамағатпен өткен басқосуда мешіт имамы Шындаулетұлы Дінмұхаммед «Мешіт әдебі» тақырыбында тұщымды уағыз-насихат айтты.
Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.