blog Images

Баянды ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  Баянды ауылдық мешітінде Республика күніне орай аз қамтылған  отбасыларға қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Сауабы мол  игі шара барысында мешіт қызметкерлері  10 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға,көп  балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, күнделікті тұтынуға қажетті   азық-түлік салынған қораптар үлестірді. Шара барысында мешіт бас имамы Айтбаев Саламат Түгелбайұлы жиналған көпшілікке еліміздің Тәуелсіздігінің қадір қасиетін бағалау жайлы сөз қозғады.

Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.Игі шараға ат салысқан барша жанашыр жамағат азаматтарға Алла разы болсын!