blog Images

Облыстық мешітте жамағат арасында білім сайысы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде  «МUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Пайғамбарымызды танисыз ба?» кітабынан жамағат арасында білім сайысы ұйымдастырылды.

Жамағаттың діни сауатын арттырып, білімін шыңдау мақсатында жүзеге асқан білім додасы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбарак өміріндегі маңызды оқиғаларға шағын шолу жасалған кітап негізінде сұрақ-жауап түрінде өткізілді.Сайысқа мешіт жамағаты қатысып,нәтижесінде жинаған ұпай саны бойынша жүлделі  І орынды-Оразов Рашид,ІІ орын-Оралбай Ерлан,ІІІ орынды-Кумаров Өмірбек иеленді.Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар үлестірілді.

Еске салсақ,Мәуліт мерекесіне қарсаңында облыстық «Бекет ата» мешітінде жамағатқа «Пайғамбарымызды танисыз ба?» кітабы тегін таратылған болатын.