blog Images

«Оразмағанбет ахун» мешітінде жамағатпен жиын өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде Мәуліт айы қарсаңында жамағатпен бас қосу өтті.

Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиында мешіт бас  имамы Адаев Оразбай көпшілік жамағатқа Пайғамбарымыз с.а.с өмірінен, Пайғамбарымыздың көркем мінезі, дінге кылған кызметі және ауызбіршілік маңызы жайлы ғибратты  уағыз насихат айтты.