РАНТ мүшесі жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді
«Ислам және дәстүр құндылығы»жылы аясында РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Қиын қыстау жағдайларда сабырлылық таныту, тура жолда қалудың артықшылықтары тақырыбында өткен кездесу барысында Юнус Қадырқұлұлы иманның шарттарының бірі жақсылық жамандық Алладан деп иман келтіру,әрбір иман келтірген момын басына келген жақсылыққа шүкірлік жасауы, басына келген қиындыққа сабыр етуі керек екендігін түсіндіріп өтті.Сондай -ақ,кездесу соңынан жазасын өтеуші азаматтар тарапынан сұрақтар қойылып,РАНТ мүшесі шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.