«Бұл дүниенің баяны» атты рухани Мәуліт кеші өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай «Бұл дүниенің баяны» атты рухани жыр кешін ұйымдастырды.
М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында өткен жиында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы шара шымылдығын ашып,барша мұсылман қауымды адамзаттың асылы дүниеге келген ұлық аймен құттықтады. Сонымен қатар,Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяны туралы және Мәуліт мерекесінің шығуы мен маңыздылығы жайында насихат айтты.
Сондай-ақ,ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Жүніс Қадірқұлұлы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінен, шариғат шеңберінде насихат әңгімесін өрбітті.
Өз заманында Қазақ руһаниятына үлес қосып, жауһар сөздерін кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай т.б ақын-жыраулардың насихат сөздерімен кешіміз көмкерілсе, өзге дәстүрлі әншілік-жыршылық мектептердің де ән-жырларымен кешіміз одан әрі көркейе түсті.
Рухани шараға қолдау білдірген М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Данияр Сағынтайұлы мен филармония ұжымына Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!