«Әбіш қожа»мешітінде «Пайғамбарға (с.а.с) сағыныш» атты рухани кеш өтті
Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел жамағаты арасында «Пайғамбарға (с.а.с) сағыныш» атты рухани кеш өтті.
Рухани кеште 150 әйел-қыздар жамағаты қатысты.Сондай-ақ «Пайғамбарға (с.а.с) өмірбаяны» жайлы уағыз-насихат айтылды.Шара барысында түрлі сұрақтар мен ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді.Және Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүйіп жеген тағамдарынан,жемістерден фуршет ұйымдастырылды.