Наиб имам әскери бөлімде түсіндірме жұмыстарына қатысты
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы6656 әскери бөлімінің әскери борышын өтеуші азаматтарға «Абай және ихсан ілімі»,»Отан алдындағы борыш өтеу» тақырыбында рухани дәріс өткізді.
Абай Хакім өз шығармашылығында қозғаған, адам баласы өз бойында тәрбиелеуі керекті болған жүрек дерттері өте көп. Алайда, қазіргі уақытта әрбіріміз үшін маңызды деп табылғандықтан, ақынның «Бес дұшпан» деп атаған жүрек дерттеріне тоқталып өтуді жөн көрдік. Ақынның тәрбиесін көріп, шығармашылығын еліктеп өсскен інісі Шәкәрім бабамыз да біздерге Хакім айтып кеткен сипаттардан сақтануды өсиет етіп:
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен – ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық – солар жақтан, – деп, айтқан.
Алла Тағала біздің де жүрегімізді өзінің дініне бекем етіп, ізгілікке толған, тәнімізді жақсылыққа бағыттайтын жүректерден болуын нәсіп етсін!