«Әбіш қожа» мешіті:Қарттар күніне орай қайырымдылық шарасы өтті
Жаңаөзен қаласы орталық Әбіш қожа мешітінде бүгін 1қазан- Қарттар күніне орай қалаладағы ата- апаларымызға қайырымдылық жасалды.
“ Үлкенге құрмет көрсетпеген — бізден емес”,- делінген хадисте . Үлкенге құрмет- тек көз алдыңда көрген кезде емес, сол сияқты көзден таса қалған қарттарымызды іздеп барып көңілін сұрау, жағдайын біліп, сөзін тыңдау. Ол кісілердің көрген- білгенін естіп, ақыл сұрауда оларға деген үлкен құрметтің белгісі болмақ. Осы орайда “Қарттар күні”қарсаңында өткен жиында уағыз насихат айтылып,қарттарлы меркемен құттықтап қарияларымыздың батасын алды.