blog Images

«Ар-Рахман»мешіті:Халықаралық қарттар күніне орай дастархан жайылды

Бүгін 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ақсақалдары және жамағатымен басқосу өтті.

Осы жиын барысында мешіт бас имамы Маманбаев Қайрат қарттарымызға өзінің ыстық лебізді құттықтау сөздерін арнап,  ақ сақалды қарияларымызға сый-құрмет көрсетті.

Қарттар — біздің біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті – ата-бабамыз. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету бұрыннан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел – қазыналы ел. Сондықтан, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына – сүйеу, жұртына қамқор болып, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, аман-сау күн кешкей. Ал біз қолымыздағы алтындай асылдарымыздың қадірін біліп, ол кісілерге барынша құрмет көрсетейік.

Игі шараға қолдау көрсеткен  жанашыр бауырларымызға Алла разы болғай!Садақаларыңызды қабыл етсін!