blog Images

«Әдептен озба,асаба» атты облыстық асабалар жиыны өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әдептен озба,асаба» атты асабалар жиыны өтті.

Маңғыстаулық асабалар,облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Нұрасылұлы,облыстық қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы,Ақтау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қартбаев Аманжол,ҚР халықаралық спорт шебері Бисекенов Манарбек,дін қызметкерлері,қажы аналар қатысқан тағылымды жиында ізгі қоғам құруда қазақтың торқалы тойларының тізгінін ұстап жүрген асабаларымызға той өткізудің әдебі мен маңызы туралы сөз қозғалды.Алқалы жиын барысында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы,Қарақия ауданының құрметті азаматы Нұрпейіс Мизамбайұлы  той,жиынды қазақи үлгіде өткізу жайлы ,дәстүрге сай болуы жайлы ұсыныс,тілегін ортаға салды.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы шариғат пен дәстүрді ұстана отырып той өткізудің маңызы жайында ойларын ортаға салды.Сондай-ақ,ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелеріміз аталмыш тақырып аясында насихат айтып, көпшілік ортада сөз тізгінін ұстаған жанға қойылар талаптар мен әдеп-құлық шарттарын түсіндірді.Әзіл-қалжыңға да қатысты шариғат шарттарын ескертіп, «күлдірем деп бүлдіріп алмау» жайында керекті кеңестермен бөлісті.

Жиын соңында асабалық қызметін атқарып жүрген жандар  өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды.Көпшілік те өз ойларын қосып, ортада көтерілген сұрақтар бойынша мәселелер жіліктеліп, түйіні тарқатылды. Шараға қатысқандар өз ұсыныстарын білдіріп,алдағы уақытта асабалар қауымдастығын құрып,  асабалар ақсақалдар қауымдастығымен бірігіп той мәдениетіне енгізуге тиісті жайттардың шешімі қарастыруға шешім қабылдады.Сондай-ақ,облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Маңғыстау» телеарнасына арнайы сұхбат беріп,жиынның өзектілігі жайлы айтып өтті,