blog Images

Наиб имам «Ержан Хазірет» мешітінде жұма намазын жүргізді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінде Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы жұма уағызын жүргізді.

«Үлкенге құрмет-кішіге ізет»тақырыбында жұма уағызын жүргізген наиб имам үлкен кісінің әлсіздігін ескеріп, оларға құрмет көрсету ата-бабаларымыздың ерте заманнан бері бұлжытпай, қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан ата дәстүрі екендігін айтып,асыл дінімізде де үлкенге құрмет көрсетіп,сәлемдесіп,ізеттілік көрсетуді насихаттайтындығын түсіндіріп өтті.

Алла Тағала қарияларымызға амандық, жастарымызға береке нәсіп етіп, бүгінгі қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!