«Ержан Хазірет» мешітінде «Бір айда бір Құран Хатым»жобасы өткізілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолға алынған «Бір айда бір хатым» жобасы Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінде жалғасын тапты.
ҚМДБ тарапынан белгіленген 5 бағыттың бірі «Ихсан және насихат» бойынша «Бір айда бір хатым» жобасы негізінде «Ержан Хазірет» мешітінің қари,ұстазы Әбдіхалық Жарастың жетекшілігімен жамағатпен бірге Құран Хатым дұғасын оқыды.Оқылған Құран Кәрімнің сауабы барша марқұм мүміндердің рухына бағышталды.