Наиб имам жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді
«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.
«Иман,ислам,ихсан» тақырыбында насихат айтқан наиб имам иманымыздың кәмілдігі біздің күнделікті жасап жүрген амалдарымыздың көркем және шынайылығы ихсан деңгейін білдіретіндігін айтып,Алла Тағаланың сипаттарын әрдайым жүрегіміз бен ойымызда сақтайтын болсақ екі дүниеде игілікке жететіндігін айтты..Сондай -ақ,кездесу соңынан жазасын өтеуші азаматтар тарапынан сұрақтар қойылып,наиб имамы шариғат шеңберінде тұщымды жауап берді.