ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ЖЫРЫ ОҚЫЛДЫ
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәуліт айының құрметіне мәуліт жыры оқылып, салауаттар айтылды.
Игі шараға мешіт имамдары және мешіт ақсақалдары мен қатар, мешіт жамағаттары да қатысты.Берекелі жиында адамзаттың асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне, қасиетті Мәуліт мерекесіне арнап облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы,облыстық мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы,наиб имам Жұмабай Жұмырбаев жиылған жамағатқа уағыз-насихат айтты.Ол ақыретте мұсылмандарды шапағатшысы болатын Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың өнегелі өмір жолы, Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істері, оның мүбәрак өмірі жайлы тілге тиек етті.
Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.
Сондай-ақ, жиылған қауым Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты.Жиын соңында мешіт ауласына киіз үй тігіліп,ақ дастархан жайылып ,ас берілді.Ас соңынан ақсақалды аталар батасын беріп,жиылған қауыс ел тыныштығы мен тұрақтылығы үшін дұға жасады.