blog Images

«Дархан дала» жобасымен киелі орындарға рухани сапар ұйымдастырылды

ҚМДБ тарапынан жүзеге асып жатқан «Darhan Dala»отандық  рухани туризм жобасы  аясында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты Маңғыстау өңіріндегі, Шетпе кентінен 35 км қашықтықта орналасқа Қараман ата жер асты мешітіне зиярат етіп,ата-бабаларымыздың рухына Құран аяттарын бағыштады.

Аңыз бойынша Қараман ата әділетті, ілімі жоғары, ақты ақ, қараны қара деп айтатын шыншыл адам болған.Ал Қараман ата жерасты мешітіне түсу үшін баспалдақпен жердің астына қарай түсуі керек. Ол  3 бөлмеден тұрады:  кіреберіс бөлме, оған жалғасқан намаз оқитын зал және Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Оның аумағы 4,02 га жерді қамтиды. Мешіттің ерекшелігі — жердің астында орналасуы.

Сондай-ақ,рухани сапар барысында мешіт ұстазы Марат Жарылқапұлы,РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы жамағатқа Қараман ата жер асты мешітінің тарихы жайлы насихат айтып,рухани сергіп, мешіт жамағаты тарихи орындар жайлы тың ақпараттарға қанық болды.    Қараман ата жерасты мешітінен 13,5 шақырым қашықтықта орналасқан Ыбықты сай шатқалына да арнайы сапарлап қайтты. Шатқалдың миллиондаған жылдар бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды. Таңғажайып лабиринттер мен аркалардың әлеміне енгендей күй кешесіз.