ҚМДБ»Зекет және қайырымдылық» қоры қос шәкіртке қаржылай сыйақы берді
ҚМДБ Маңғыстау облысы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйықты болуымен Құранға түскен Ақтау қарилар дайындау орталығының қос шәкіртіне қаржылай сыйақы табысталды.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткен шарада Айдын Талғатұлы мен Али Талғатұлына 250 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.Сондай-ақ облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы қатысып,шәкірттердің білім жолындағы сапарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.