blog Images

РАНТ мүшесі жазасын өтеушілермен кездесті

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі, ұстаз Медет Құрмашұлы Маңғыстау өңіріне арнайы іс-сапармен келді.Аталмыш іс-сапар барысында ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында  уағыз- насихат айтып,тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.