blog Images

ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНДАРЫ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

ҚМДБ Маңғыстау облысы өкілдігінің бастамасымен Ғұламалар кеңесі жариялаған пәтуаларды насихаттауға байланысты «Қазіргі қоғамдағы пәтуа берудің әдіс-тәсілдері мен жауапкершілігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі,ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы,РАНТ мүшесі Медет Құрмашұлы,ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы  қатысып, аудан, қала имамдарына пәтуаларды насихаттаудың маңызы жайлы айтты.

Семинарда пәтуа берудің әдіс тәсілдері, заманауи мәселелерге пәтуа берудің дұрыс жолы мен әдебі қатарлы мәселелер қаралып, кейбір пәтуалар талқыланды.  Жиында аудандық, қалалық мешіттердің бас имамдары пәтуаға жауапты мамандарға сауалдарын қойып, жауап алды. Жиында пәтуаның өзектілігі айтылып, насихат шараларына арналған алдағы жоба-жоспарлар ортаға салынды.