blog Images

“Қосай ата” мешітінде 100адамға қайырымдылық жасалды

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Теңге ауылдық “Қосай ата” мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген  игі шара барысында мешіт қызметкерлері  100 әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға,көп  балалы отбасыларға қайырымдылық жасап, қажетті аяқ-киімдер үлестірді .Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.