blog Images

«Дін мен дәстүр аясындағы отбасы құндылықтары»атты семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы»жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Дін мен дәстүр аясындағы отбасы құндылықтары» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға мешіт имамдары , ақ жаулықты әжелер мен аналар , «Зерде» кітап клубының оқырмандары қатысты. Семинар қасиетті Құран хатым дұғасын оқумен басталды. Алғы сөзді бастаған облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы аналарымызды дәстүрді дәріптеуге шақырып, дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында насихат айтты. Өз кезегінде әйел-қыздар сектор жетекшісі Ұлдаулет ұстаз отбасы құндылықтарына тоқталды. Шара соңында ақ жаулықты әжелеріміз өз тәжірибелерімен бастан өткен оқиғаларын, отбасындағы мәселелердің шешу жолдарын баяндады.