blog Images

Бейнеу ауданы:»Darhan dala» жобасы жалғасуда

«Ислам және дәстұр құндылығы» жылы аясында РАНТ мүшесі,дінтану докторанты,имам Қамбар Руслан Миятбекұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.

Аталған іссапар барысында ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында Бейнеу аудандық мешітінің жамағатымен бірлесе отыра  Бейнеу селосынан  17 км  оңтүстік-батыс бағытта орналасқан Бекет ата жер асты медресесіне зиярат жасады.

Көне Бейнеудегі Бекет ата жерасты мешіті (ХI-ХIХ ғғ.) тек қана Қазақстан үшін емес, барлық мұсылман әлемі үшін маңызы бар киелі орын. Көшпелі өмірге үйренген қазақ халқының тұрақтайтын қоныстарына ыңғайлы және Орта Азиядан келетін көне керуен жолының бойында орналасқан мешіттің бірі осы. Мешітті Бекет ата жыл маусымдарына орай, ел балаларын оқыту үшін, сондай-ақ әрі-бері өткен жолаушылардың зиярат жасап тынығып, құлшылықтарын өтеу үшін салдырған. Бекет ата мешітіне зиярат жасаушылар алдымен қорымның батыс жақ іргесіндегі қонақ үйіне соғып, қорым ортасымен өтетін соқпақ жолмен мешітке жаяу барады.