РАНТ мүшесі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді
«Ислам және дәстұр құндылығы» жылы аясында РАНТ мүшесі,дінтану докторанты,имам Қамбар Руслан Миятбекұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Аталған іссапар барысында Руслан Миятбекұлы ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД 77 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.
Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Пайғамбарлар қиссасы жайында уағыз- насихат айтып,тұшымды ойларымен бөлісті. Жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.