blog Images

РАНТ мүшесі «Көркембай ахун» мешітіне зиярат жасады

«Ислам және дәстұр құндылығы» жылы аясында РАНТ мүшесі,дінтану докторанты,имам Қамбар Руслан Миятбекұлы Бейнеу ауданына арнайы іссапармен барды.

РАНТ мүшесі ҚМДБ бастамасымен жүзеге асып жатқан «Darhan Dala» отандық рухани туризм жобасы аясында Бейнеу аудандық Ыбырайым ахун мешітінің жамағатымен бірге Бейнеу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан «Көркембай ахун»  мешітіне зиярат жасады.

Көркембай  ахун Бектұрлы ұлы  1928 жылға дейін білім ордасы аталып, онда ел балалары мұсылманшылықтан дәріс алған. Мешітте елге атағы белгілі ахундар, ишандар – Абдолла хазірет, Шәудір ишан, Қарақалпақ Мәткәрім, т.б сабақ берген. Бектұрлыұлы Көркембай ахун большевиктер тарапынан қуғынға ұшырап, ұстаздарын таратып, мешітін жауып, өзі Тәжікстан жеріне қоныс аударады. Қай жылы қайтыс болып және қайда жерленгені туралы толық мәлімет жоқ.Маңғыстау өлкесінің XIX ғасырда салынған ең ірі сәулет ескерткіші. Мешіт жергілікті бай Ақбота Жеменейдің тапсырысымен салынған.