Бейнеу ауданында «Отбасы құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Ислам және дәстұр құндылығы» жылы аясында РАНТ мүшесі,дінтану докторанты,имам Қамбар Руслан Миятбекұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Руслан Миятбекұлы Бейнеу ауданы «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде «Отбасы құндылығы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге арнайы қатысты.Жиынға мешіт жамағаты,мешіт ақсақалдары қатысты.Әке мектебі,бала тәрбиесі,жұбайлар қарым-қатынасы,отбасы мәселесі тақырыбында өрбіген сұқбат соңы сұрақ-жауаппен жалғасын тапты.