«Шаңырақ» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы «жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ » мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шарасы өткізілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында 15 отбасыға күнделікті ең қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді.
Көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.