blog Images

150-ге жуық бүлдіршінге мерекелік шара ұйымдастырылды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры»,Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті,Маңғыстау облыстық «Әнші балапан» қоры,»SOS традание» қоры,»Art-East» жастар қорының директоры Арзу Қанапияқызының ұйытқы болуымен «Бала көңілдің гүлі,көздің нұры» атты  балаларға арналған ойын-сауық шарасы өтті.

Игі шара барысында ісік ауруына шалдыққан 150-ге жуық бүлдіршіндер үшін қайырымдылық садақа-ас беріліп,»Сая» демалыс орнында балаларға ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды.Кішкентай балаларды қуанту мақсатында ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндерге  тәтті-дәмділер тарту етіліп, әртүрлі тәттілерді салынған сыйлық дорбаларын үлестірді. Мұндай ерекше сыйлық елу баланың езуіне күлкі сыйлап, қуаныштарын еселей түсті.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры»,Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің рухани демеушілігімен өткен қайырымдылық шарасында  бір үйдің баласындай атсалысқан Маңғыстау облыстық «Әнші балапан» қоры,»SOS традание» қоры,»Art-East» жастар қорының директоры Арзу Қанапияқызына,»Сая»  емдеу сауықтыру кешенінің басшысы Ұлбосын Жүзбайқызына және атсалысқан,қолдау көрсеткен барша жомарт жандарға, қала ішіндегі  балалар саяхаттаған автобус иесіне,еріктілерге алғысымызды білдіреміз!