Ақшұқыр ауылдық мешіті:Медресе шәкірттері арасында турнир өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Ақшұқыр ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен медресе шәкіртері арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты — балалардың денсаулығын жақсарту және бос уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізу.
Үстел теннисінің пайдасы өте көп:
1. Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады.
2. Ойлау шапшаңдығын арттырады.
3. Буындарға аса пайдалы.
4. Мидың саулығын сақтайды.
5. Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.
Турнир нәтижесі бойынша:
1-орын Тәңірберген Нұрлыбек
2-орын Тәңірберген Райымбек
3-орын Нұр Дастан/Тәңірберген Бейбарыс
Турнир жеңімпаздары мақтау қағазы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.