blog Images

«Ана болудың діндегі орны» атты семинар өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Ана болудың діндегі орны» атты семинар өтті.

Семинарды Маңғыстау облысының әйел -қыздар сектор жетекшісі Қоңыратбайқызы Ұлдаулет жүргізді. Ана болудың маңыздылығына, және де қазақ аналарының бала тәрбиесіндегі ұстанымдарына тоқталды. Семинар соңында көп балалы алты анаға сыйлықтар табысталды.