blog Images

ӨҢІРЛІК МЕШІТТЕРДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіттерде ұлттық спортты ұлықтайтын іс-шаралар ұйымдастырылды. Үш күнге жалғасатын мерекенің әлеуметтік те, рухани да маңызы зор.  Мешіттерде Айт намазы оқылып, құрбандық шалынған соң жамағат арасында қол күрес, кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Халқымызда «Қуантқың келсе — баланы қуант, берсең балаға бер! Олар бергеніңді шарықтаған шаттықпен, шынайы ниетпен қабылдап, риясыз қуана алатын жандар – балалар» деген даналық бар. Ұлы мерекеге орай,бүлдіршіндерге  көңіл күй сыйлап, рухани тәрбиеге баулу мақсатында айттық тәттілері үлестірілсе, мешіттердің алдына орналастырылған балаларға арналған батуттардың өзі бұл күндері тегін қызмет ұсынды.

Сондай-ақ,айт мейрамына орай, мешіт жандарынан  қазақы ақбоз үйлер тігіліп, айт дастарханы жайылды.