РАНТ мүшесі облыстық мешітінде дәріс жүргізді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнес Қадырқұлұлы «Қоғамның тұрақтылығындағы діннің маңыздылығы»тақырыбында ақшам намазынан соң жамағатқа тұщымды уағыз-насихат айтты.
«Иманы кеткеннің жиғаны кетеді» дегенді терең түсінген бабаларымыз: «Жиғанымды алсаң да, иә, Алла – иманымды алма», — деп дұға жасаған. Мына қоғамның ең басты байлығы – адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратып тұрған діннің де алар орны ерекше. Сондықтан дін мен саясаттың беріктігін қоғамның беріктігі деп түсінгеніміз жөн. Осы екі сала жарылмайтын жаңғақтай жұмыр дүниеге айналғанда ғана, ешкім де ішімізден ірітіп, іргемізді ажырата алмайды. Дін діліміз һәм діңгегіміз екенін естен шығармайық.