blog Images

Маңғыстаулық қажылардың алғашқы легі қажылық сапарына аттанды

Ислам дінінің бес парызының бірі қажылыққа барушылар Маңғыстаулық қажылардың алғашқы легі 4-ші маусым күні Ақтау қаласының халықаралық әуежайынан қажылық сапарына аттанды.

Қажылары ұлы сапарға шығарып салуға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы  арнайы барып,Қасиетті сапарға ақ жол тілей отырып, қажылықта атқарылуы тиіс құлшылық түрлерімен таныстырды және еліміз үшін, күллі мұсылман үшін дұғада болуларын жеткізді.

Айта кетейік, Ақтау қаласынан 04.06-08.06 күндері аралығында Ақтау қалалық халықаралық әуежайынан  қажылар қажылық сапарына аттанатын болады.