Серік қари Полатхан облыстық мешіт жамағатымен жүздесті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесіп,насихат айтты.
«Құран және мұсылман» тақырыбында уағыз айтқан ұстаз Серік Полатханұлы жамағатқа Құран оқудың артықшылығы жайлы,Құран оқыған адамның ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергеретіндігін айтып,Құранның қасиеті жөнінде хадистерден айтып өтті.