ИМАМДАР ҚҰРАННЫҢ 30-ШЫ ПАРАСЫ БОЙЫНША СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жергілікті мешіт дін қызметкерлерінен сынақ алу шарасы ұйымдастырылды.
Сынақ алу шарасына ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы,ҚМДБ Құран секторының Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Қарыапыз Абділлахат,Ығылман Мұхаммед қатысып,имамдарға сынақ алудың маңыздылығына тоқталып өтті.Мешіт имамдары Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа айту және тәжуид бойынша сынақ тапсырды.