blog Images

Жаңаөзен қаласы: Құрбан айтқа дайындық мәселесі талқыланды

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде Жаңаөзен қаласына карасты имамдарға Құрбан айтқа байланысты жиналыс өтті. 

Алқалы жиында Жаңаөзен қаласының бас имамы Қажымұқан Далубайұлы  мерекені жоғары деңгейде өткізу, құрбан малын соятын орындар мен қасапханалардағы санитарлық тазалықты қамтамасыз етуді тапсырып, мерекені біргелікті абыроймен аткарып шығуға шақырды.