blog Images

«Әбіш қожа» мешіті:«Имани жаз-2024» сауат ашу курсы басталды

Оқу жылы да аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шықты. Осы орайда әр жаз сайынЖаңаөзен қаласы орталық Әбіш қожа мешіті«Имани жаз» жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді.

Жылдағы үрдіске сай биыл да бүлдіршіндерге арналған тәрбиелі де өнегелі дәріске толы «Имани жаз» рухани сауат ашу курсын бастады. Мешіт тарапынан ұйымдастырған курстарда балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастарқан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер өткізіліп жатыр. Сондай-ақ шәкірттерге таңғы, түскі, түстен кейінгі ас беріліп, әртүрлі ойындар арқылы бауырмашылдық пен таным шеңберін кеңейту жұмыстары жүргізуде.