blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешіті Балалар күні бүлдіршіндерге тәттілер үлестірді

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Осы орайда, Түпқараған ауданы «Ақшұқыр»ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен   балалардың көңілдерін көтеру үшін мерекелік тәттілер мен балмұздақтар үлестірілді.