blog Images

«Шетпе мешіті»:Балалар күні балдырғандарға сыйлық таратылды

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Осы орайда, Маңғыстау ауданы «Шетпе» мешітінің ұйымдастыруымен  мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілдерін көтеру үшін мерекелік сыйлықтар таратылды.