blog Images

Бас имам «Әбіш қожа»мешітінің ақсақалдарымен жүздесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына арнайы іссапар барысында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ақсақалдарымен кездесті.

Келелі кездесу барысында облыс бас имамы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын таныстырып,қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеудегі орны зор екендігін айтты.

Облыс бас имамы өз сөзінде:»Бабаларымыз ұстанған сара жолды насихаттаудағы басты мақсатымыз – келешек ұрпағымызға ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни құндылықтарымызға негізделген дәстүрлі дініміздің негіздерін жеткізу екендігін айтып,мешіт ақсалдарына«Бабалар ізімен»кітабын сыйға тарту етті.