РАНТ мүшесі облыстық мешітте жұма уағызын жүргізді
Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы арнайы іссапармен Маңғыстау облысында болды.
Қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келген іс-сапар барысында РАНТ мүшесі Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Бала тәрбиесінің отбасындағы рөлі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.
Жалпы ұрпақ тәрбиесіне асыл дінімізбен қатар, дана халқымыз да қашанда бей-жай қарамағаны белгілі. Ислам діні бала тәрбиесі туралы маңызы зор толғамдар мен пайдалы насихаттарға толы.Бала тәрбиесі тақырыбында өрбіген уағыз барысында ұстаз Нұрәлі Бақытұлы балаға жақсы есім қою, оған тәлімді де парасатты тәрбие беру – ата-ана үшін ең ұлағатты парыз ,отбасы ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп екендігін айтып өтті.