blog Images

РАНТ мүшесі «Әбіш қожа» мешітінің жамағатымен жүздесті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнес Қадырқұлұлы Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жамағатымен жүздесіп,құптан намазын жүргізді.

«Жылы жүзді болу-Пайғамбардың сүннеті» тақырыбында уағыз айтқан Юнес Қадырқұлұлы жамағатқа күлімдеп жылы шырай таныту адамдар арасында бауырмалдық пен достық қарым-қатынастың асыл дәні екендігін,Жылы шырай Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзіне тән ерекше қасиеттерінің бірі болғандығын айтып өтті.Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде толық мағлұмат берілді.