blog Images

Жаңаөзен қалалық мешіттеріндегі діни кітаптарға тексеріс жүргізілді

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешіті және  Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітіндегі діни кітаптарға тексеріс жүргізілді.

Тексеру жұмыстарын Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Аудабаев Серіжан  тексеріп, зерделеді.

Негізгі мақсаты – мешіт аумағындағы діни дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебі –  дін мен дәстүрге сай діни әдебиеттердің  ғана сатылуын қадағалап отыру. Ел арасында ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу және алдын алу болып табылады.

Сондай-ақ,  діни дүкен иелеріне қойылатын талаптың бірі -сатылымдағы әрбір діни кітап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму миинистрлігінің Дін істер комитетінің дінтану сараптамасы мен бірге  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптар ғана салытымға рұқсат етіледі.