Наиб имам жазасын өтеушілермен кездесу өткізді
«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.
Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан шара барысында Байкенже Серікбайұлы «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында насихат айтып, тұщымды ойларымен бөлісті.Наиб имам дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.