blog Images

«Шаңырақ» мешіті:Бүлдіршіндерді жазғы лагерьлерге қамту жоспары талқыланды

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде алдағы мектеп демалысына шығушы балаларды лагерге қамту бойынша мешіт кызметкерлерімен бірігіп талқыланды.

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дұрыс пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу, тыныға жүріп, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды. Мешіт бас имамы балалардың демалысын тиімді пайдаланып лагер ұйымдастыруды қолға алып барынша қызықты өткізуді тапсырды.