blog Images

Облыстық мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде сенбілік өтті.

Сенбілік жұмысқа құлшылық үйінің қызметкерлерімен бірге, жергілікті жамағат та белсенділікпен атсалысты.Тазалық жұмыстары мешіттің сыртқы ауланы да қамтыды.Тазалық шарасында әдеттегідей арық көдері тазаланып, ағаш түптерін қопсытып,  мешіт ауласы қоқыстан тазартылды. «Исламның әліппесі тазалықтан басталады десек, бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты жүргізілетін болады. Мешіт ғимаратының жақсы күтіммен сақталуы сіз бен біздің мерейіміз. Себебі, мешіт – Жаратушы Иеміздің жер бетіндегі қасиетті үйі.