blog Images

«Әбіш қожа»мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Шараның басты мақсаты көмекке мұқтаж жандарға аз да болса көмек беру. Осы орайда ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен түсім қайырымдылыққа жұмсалды.

Алланың Мейірімі қандай шексіз болса, мейірімділік пен қайырымдылыққа, жақсы амалдарға беретін Оның қайтарымы да сондай кең болары сөзсіз. Ендеше, жалғыз Алланың разылығын табу жолында аянып қалмай, қайыр қылудан қалыс қалмайық.