blog Images

Ұстаз Алау Әділбаев облыстық мешіт жамағатымен кездесті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  белгілі дінтанушы PHD, ғалым,ұстаз Әділбаев Алау Шайқымұлы Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келді.Аталмыш іс-сапар барысында Алау Шайқымұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Кездесу барысында Алау Шайқымұлы «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» тақырыбында уағыз-насихат айтып,ұлы  ортақ құндылығымыз бола тұра мұсылманның бір-бірімен бауыр бола алмауы ақылға да, қисынға да теріс екендігін айтып бауырмашыл болуға шақырды.