«Әбіш қожа» мешіті:»Әйел аманаты» атты семинар өткізілді
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әйел аманаты» атты семинар өткізілді.
Семинарда отбасы босағасының берік, шаңырағының биік болуы, ондағы жанұя мүшелерінің тату-тәтті өмір сүруі – бір-бірлерінің алдындағы құқықтар мен міндеттерді орындауларына тікелей байланысты екендігін айтып,отбасы құндылықтарына тоқталып өтті.