blog Images

«Оразмағанбет ахұн» мешітінің имамы дөңгелек үстелге қатысты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы  аясында Жаңаөзен политехникалық колледжінде «Ұрпақтар арасындағы сабақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Қазіргі қоғамдағы әйел-ананың ролін айқындай түсу,жас ұрпақ тәрбиесінде зор еңбек сіңіріп жүрген аналарға құрмет көрсету, еңбектерін елеп-ескеріп мадақтау. Студенттерге халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу,Отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, қыз балаларды алдағы өмірге даярлау мақсатында өткен дөңгелек үстелге Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің бас имамы Оразбай Адаев, «Аманат» партиясының мүшелері,»Ақсу» ауылының әкімі Райымбек Талғатұлы, кимешек киген әжелер, қала мектептерінен аналар, Аналар кабинетінің белсенді мүшелері қатысты.

Студенттерге тәрбиелік мәні зор насихат айтылды. Дөңгелек үстел соңы колледж басшысы Тілектес Аманқосқызының ұрпақ тәрбиесінде зор еңбек сіңіріп жүрген аналарды марапаттаумен  жалғасты.