blog Images

«Шаңырақ» мешіті:Ұлы Отан соғысында шейіт болғандардың рухына Құран бағышталды

«Ислам және дәстүр құндылығы »жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде Жаңаөзен қаласының әкімі Қайнарбаев Жансейіт Исаханұлы бүгінгі Жеңіс күніне орай ардагерлермен бірге   Ұлы Отан соғысында ел мен жерді қорғап, шейіт болғандардың рухына арналып Құран оқылып, дұға бағышталды.

«Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік жасаған батырларымыз Алла Тағаланың мейріміне бөленіп, жаны жәннатта болсын. Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!